Ауылдың тарихи атауы қайтарылды

87

0

Ауылдың тарихи атауы қайтарылдыҚызылордадағы ауылдардың бірінің тарихи қазақы атауы қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеңестер үкімет тұсында Қызылорда қаласына қарайтын «Ақжарма» ауылы «МИС» деп аталатын. Қазақшаласақ машина сынау стансасы. Онда Сыр өңіріне келген жаңа техникалар сынақтан өтетін. Ұлыстың ұлы күні мерекесі аясында ауыл аты қайта өзгерді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 11-бабаның 4 тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы №4 қорытындысымен облыстық мәслихат шешімі және облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты «Ақжарма» ауылының тарихи атауы қайтарылып, «Баймұрат батыр» ауылы деп ауыстырылды.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз