Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіруге мән берілді

67

0

Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіруге мән берілдіЖалағаш. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінің негізінде аудан бойынша өткен жылы ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіруге байланысты нәтижелі жұмыстар атқарылды. 
2013 жылы бірдейлендіру (түйе, уақ мал, шошқа, мүйізді ірі қара малын сырғалау, жылқыны таңбалау) және компьютерлік дерек қорына енгізу жұмыстары аудан бойынша жоспардағы 63640 бастың орнына 65007 бас мал бірдейлендіріліп, жоспар артығымен орындалды. Осы бірдейлендірілген мал басын компьютерлік дерек қорына енгізу 100 пайыз болды.Пайдаланылған сырғалар мен паспорттардан облыстық бюджетке жоспар бойынша қайтарылатын 4748,8 мың тенге қаржыдан бүгінгі күнге 4748,8 мын теңге қайтарылып, 100 пайызға орындалып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз