Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Олимпиадаға 10 лицензия ұтып алды

35

0

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Олимпиадаға 10 лицензия ұтып алды10 лицензия (алты ер және төрт әйел) ұтып алған Қазақстанның ауыр
атлетика құрамасы алғаш рет 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына
толық құраммен қатысатын болды, деп хабарлады  федерацияның баспасөз
қызметінен.

Еске сала кетейік, бүгін бұған дейін бір алтын түскен
Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Бұл жолы 105
келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Зайчиков үздік атанды. 
Сонымен қатар ел еншісінде екі күміс, бір қола бар.

Бұрын 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер
көрсеткен Лондондағы Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова Хьюстондағы
әлем біріншілігінде төртінші орынға ие болды.

29 қарашада сағат 00:00-де «В» тобында 75 келіге
дейінгі салмақ дәрежесінде  Александра Аборнева өнер көрсетеді. Осы
салмақ дәрежесінде «А» тобында таңғы сағат 05:30-да Надежда Ногай бағын
сынайды. Мұны «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз