Ауыр атлеттеріміздің допинг дауын тексеру үшін комиссия құрылды

47

0

Ауыр атлеттеріміздің допинг дауын тексеру үшін комиссия құрылдыЕлімізде
қазақстандық ауыр атлеттердің қатысуымен орын алған допинг дауын тексеру үшін
комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек
Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біз
қазір министрліктің жанынан Қазақстан ауыр атлетика федерациясымен бірлесіп
комиссия құрдық. Себебі, бұл оқиға бәрімізді алаңдатып отыр. Бірақ, мен бұл
алдын-ала қойылған диагноз екенін, ақтық диагноз еместігін айтқым келеді. Әрине,
біз қазір апелляцияға беріп жатырмыз. Әр спортшы дәрілерге тестілеуден өтеді.
Олардың қорытындысын біз күтеміз», – деді Мұхамедиұлы жұма күні журналистерге.

Бұл ретте министр ауыр атлеттердің
бапкерлерімен сөйлесетінін жеткізді.

«Біздің спортшыларымызды дәрі ішуге
итермелеген бапкерлерді біз жазалаймыз, себебі, оған жол беруге болмайды. Біз
таза спорт үшін күресеміз. Оның үстіне біз спортшыларымыз үшін алаңдаулы
емеспіз. Бізде запастағы спортшыларымыз да жеткілікті. Біздің жастар арасында
әр салмақ санатында үміт артарлық жастар жеткілікті. Біз үшін Қазақстанның
спорт державасы ретіндегі беделін сақтап қалу маңызды. Қалай болғанда да біз
барлық оқиғаны мұқият талдауымыз керек. Алда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада
ойындары бар, оған біз жақсы нәтижелермен шығып отырмыз», – деп қорытындылады
Мұхамедиұлы.

Қазақстандық БАҚ-тар хабарлағандай, 24
желтоқсан күні ауыр атлетика халықаралық федерациясы (IWF) допинг-бақылаудың
зертханалық талдамаларының нәтижесінде қазақстандық үш ауыр атлет – Алмас
Өтешев, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды антидопингтік ережені бұзғандықтан
халықаралық жарыстарға қатысудан уақытша аластатты.

Хабарланғандай, спортшылардан Хьюстондағы
2015 жылғы әлем чемпионатындағы алынған допинг-бақылаудың «А» сынамасында тыйым
салынған дәрілер анықталған. Хьюстонда Өтешев күміс медаль, Қыдырбаев – қола
медаль алған. Спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуға дайындалып
жүрген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз