Ауыз су жүйесін жаңғыртудың 3 кезеңі басталды

60

0

Ауыз су жүйесін жаңғыртудың 3 кезеңі басталды   Шиелі. 2013 жылы Шиелі ауданында жұртшылық есінде қалатын көптеген жағымды жаңалықтар болды.  Елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған игілікті шаралар аудан өміріне оң серпін берді.
   Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай игі істер қай саладан да байқалады. Мәдениет саласы бойынша ақын, сазгер, тәуелсіздік үшін күрескен бабамыз Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығын кең көлемде атап өтілді. Орталық алаңдағы М.Шоқай ескерткіші өзгертіліп, алаңға жаңадан субұрқақ пен «ЛЕД» экран орнатылды. Спорт саласына 20 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.  Спортшылардың өзіміздің елде ғана емес шетелдерде жаттығуына  қолайлы жағдай жасау үшін 10 спортшыға арнайы степендия тағайындалды. Сонымен қатар, 10 шағын спорт алаңы салынды. Ал орталық стадион мен спорт кешені күрделі жөндеуден өтуде. Білім саласы бойынша биыл 4 мектеп, 13 жеке балабақша пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласында ауылдардан 2 дәрігерлік амбулатория, кентте 250 келушіге арналған емхана ашылды. 
Өзгеде салаларға келетін болсақ, аудандағы ауылдардың 35 көшесі, Шиелі кентінің 16 көшесі асфальттанды, 7,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жасалды. Одан бөлек, кент орталығына түнгі жарықтар орнатылып, жаңа типтегі аялдамалар қойылды. Жобалық құны 1 млрд. 270 млн. теңгені құрайтын Шиелі кентінің ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстарының 3 кезеңі басталды. Одан өзге, 1 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілуде.
 
Ауыз су жүйесін жаңғыртудың 3 кезеңі басталды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз