Автобус жүргізушілерінің орташа жалақысы — 350 мың теңге

61

0

Астана қаласындағы №3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов автобус жүргізушілерінің айына қанша жалақы алатындарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

№3 автобус паркінің директоры еліміздің бас қаласындағы жүргізушілердің орташа есеппен қанша жалақы алатындарын айтып берді. Мұнымен қатар, ол жүргізушілер мен кондукторлардың бұдан да көп жалақыға лайық екендерін сөз етті.

«Астана қаласында автобус жүргізушілерінің орташа жалақысы — 350 мың теңге. Тарифті көтеріп, қосымша бөлшектер мен жанар-жағармай материалдарының бағасын арзандатса, мен оларға көбірек ақша төлеуге әзірмін. Тарифті мен үшін емес, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбегін сыйлағандықтан көтергендерін қалаймын», — дейді Бауыржан Тілеубергенов.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада бір күн бойы автобуспен жол жүру тегін болатынын хабарлаған едік. Бұған дейін Бауыржан Тілеубергенов №40 автобус кондукторы жолаушыны соққыға жыққан жағдай туралы пікір білдірген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз