Аяулы шақтағы аппақ сезім

76

0

Аяулы шақтағы аппақ сезімБүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жергілікті жастар театры драматург Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық қойылымын сахналады. 
Спектакль желісі 80-жылдардағы оқушылар өмірі, олардың кіршіксіз сезімі, бала махаббаты негізінде өрбиді. Өлеңге құмар Қанат өзінен әлдеқайда үлкен жас мұғаліміне ғашық боп қалады. Айналасына, бүкіл әлемге сәби көзімен қарап, алғашқы махаббатын қандай жағдайда да қызғыштай қоруға бейім тұрады. Бірақ өмір үнемі өзің ойлағандай бола бермейді. Шынайы сезімін оятқан Гүлзат апайы нағашы ағасы Батырмен сөз байласқан боп шығады. Қойылым қызықты ситуация, ұтымды әзілмен көрерменді бірден баурап алды. Қанаттың ролінде «Болашақ» университетінің студенті Әлмұхамед Алдажаров ойнаса, мұғалімді қуыршақ театрының актрисасы Назерке Ибраева бейнеледі. 
Жастар театры қала әкімінің қолдауымен жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында құрылды. Оған кастинг кезінде іріктелген оқушылар мен студенттер тартылды. Театрдың көркемдік жетекшісі, қойылым режиссері, Қазақстанның мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов жастардың арнайы білімі болмағанымен тума таланттар екенін айтады. 
– Өзіміз оларды екі-үш ай бойы театр өнеріне, актерліктің қыр-сырына баулыдық. Репертуарымызды әлі де толықтыра түсеміз. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен «Нұр Отан» партиясының филиалына ризашылығымды білдіремін, – деді О.Нұрмаханов. 
Аяулы шақтағы аппақ сезім
Назерке САНИЯЗОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз