Аязда далада қалған жолаушыларды құтқарды

63

0

2018 жылғы 27 қаңтар күні сағат 11.43 шамасында Қызылорда облысы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызметтік автокөлігімен аумақты барлау кезінде Шымкент-Самара тас жолының Тартоғай елдімекені тұсында тұрған «Мерседес-Спринтер» маркалы шағын автокөлікті байқайды. Тексеру кезінде, күннің суығынан автокөліктің жанар-жағар майы қатып қалып, автокөлік оталмай қалғандығын анықтайды.
Автокөліктің ішіндегі 20 жолаушының салқындап қалуынының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, Шиелі бағытына жол тартқан автокөліктерді тоқтатып, азаматтарды отырғызып жіберген.
Ал, ақауы бар автокөлік Шиелі кентінің автокөлік жөндейтін орнына жеткізілді.  
Дәл осындай дерек, «Қызылорда-Арал» трассасында да орын алған.  Байқоңыр қаласына бағыт алған автобус істен шығып, ішіндегі 47 жолаушысымен қоса жол бойында қалып қойған. Аталмыш автобустағы адамдарға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетіп, адамдар құтқарылған.
Айта кетерлік жайт, бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол бойында қалған 15 автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетіп, төтенше жағдайлардың алдын алған.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз