Айбек Серікбаев Еуразия барысына қатысады

40

0

Айбек Серікбаев Еуразия барысына қатысадыШығыс Қазақстан облысы Абай ауданында қазақ күресінен ел  кубогы  сарапқа салынды. Топ жарғандар ұлттық құрама сапына алынып, қараша айында Тараз қаласында өтетін Еуразия барысына қатысады. 
Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 236 спортшы қатысты.
6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскендер қатарында қармақшылықтар Айбек Серікбаев + 90 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынса, 90 келіде Мақсат Исақабылов қола жүлдені еншіледі. 
Жарыстың қорытындысы бойынша Айбек қараша айында Тараз қаласында өтетін Еуразия Барысына, ал Мақсат Оренбург қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады.  Мақсатпен бірге 70 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахмановта Әлем біріншілігінде бағын сынайды. 
Спортшылар Қармақшы ауданының спорт клубында жаттығады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз