Айдарбек батырдың болат қылышы табылды

51

0

Айдарбек батырдың болат қылышы табылдыҚазақ батыры Өріс баласы Айдарбектің жау төбесінде ойнаған
болат қылышы табылды. Төрт ғасыр сақталған қылыш мұражайға салтанатты
түрде табыс етілді.Тарихи жәдігерді баба ұрпақтары мұражай иесі Мәди
Жаскеновке аманаттады.

Айдарбек батыр ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал, Қазалы өңірлерінде өмір
кешкен. Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы ұлт-азаттығы жолында
күрескен.
Арал қаласына кіреберіс жолда жас ұрпақтың бойына отаншылдық, елдік
рухты сіңіретін, тағзым ететін батыр бабаның еңселі ескерткіші
орнатылды. Ал 23-26 қыркүйек күндері аталған ескерткіштің ашылуы мен
баба рухына ас беру рәсімі өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз