АЙДАРЛЫДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

36

0

АЙДАРЛЫДА АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫБүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария
ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
    Алдымен аймақ басшысы Сырдария ауданы Айдары ауылындағы 150 орындық
жаңа клубтың ашылу салтанатты шарасына қатысып, тұрғындардың қуанышына
ортақтасты.
    Клуб құрылысы жылдың басында басталды. Жалпы сметалық құны – 174
млн. теңге. Көрермендер залы, сахна, кітапхана, ардагерлер мен түрлі
үйірмелерге арналған бөлмелер заманауи талапта жабдықталған.
    – Ауылда еңселі ғимараттардың қатары артып келеді. Айдарлының
өзінде барлық әлеуметтік нысандар жаңарып үлгерді. Енді алдағы жылдары
көшелер жөнделіп, жарықтандырылады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайының жақсарғандығының белгісі. Бұның барлығы Елбасының сарабдал
саясаты мен халықтың жұдырықтай жұмыла білгендігінің арқасы, – деді
облыс әкімі Қ.Көшербаев.   
    Бас мердігер «Интегрестрой» ЖШС облыс әкімінің өтініші бойынша  осы
ауылдың тұрғыны 2-ші топ мүгедегі Айдана Сейітсұлтанқызының үйін
күрделі жөндеуден өткізіп берді. Туылғаннан бастап сал ауруына шалдыққан
Айдана тағдырдың тәлкегіне мойымай «Түкті кілем үйрету шеберханасы»
қоғамдық бірлестігінде жұмыс жасауда. Қайсар қыздың үйіне облыс әкімі
арнайы барып, жағдайымен танысты. Айдана алдағы жоспарларын айтып, өзіне
көрсетіліп жатқан көмекке алғысын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз