Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті болып тағайындалды

32

0

Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті болып тағайындалды Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы басшыларының бірі болды.

А.Айымбетовті
«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану
бойынша вице-президенті ретінде тағайындау туралы бұйрыққа бүгін, 2016
жылдың 5 қаңтарында қол қойылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз
қызметінен.

«Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ президентінің
міндеттерін атқарушы Марат Нұрғожин компанияның ұжымына жаңа
вице-президентті таныстырды.

«Компания Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі
мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің пайдаланылуын
жүргізуде және мен Сіздің компаниямыздың жұмысының бұл маңызды бағытын
атқара алатыңызға сенімдімін», – деп атап өтті М.Нұрғожин.

Айдын Айымбетов компания басшысымен бірге жүріп,
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік
навигация жүйесінің барлық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, бірінші
жұмыс кеңесін өткізді.

«Мен Қазғарыш жүйесінде жұмыс істедім және
жұмысымды жалғастырамын», – деді берген қысқа сұхбатында «Қазақстан
Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша
вице-президенті Айдын Айымбетов. «Қазіргі кезде Қазғарыш басшылығы маған
жаңа ғарыш технологиялары, қазақстандық ғарыш жүйелерінің өнімдерін
жылжытумен байланысты жұмыстың өте маңызды учаскесін сеніп тапсырды,
және мен міндетімді орындаймын», – деді ұшқыш-ғарышкер А.Айымбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз