АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУҒА КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН КӨШЕМІЗ

91

0

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшіруге сәйкес облыс басшылығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары» АҚ және КАТЕV халықаралық қоры арасында жасалған  меморандум аясында аймақта пилоттақы жоба қолға алынды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаевтың айтуынша ағылшын тілінде білім беруге көшуді 2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлері тәжірибесі негізінде алдымен инновациялық 46 мектеп-лицейдің лицей сыныптарына енгізілген.

–  Лицей сыныптарының оқу жоспарларына жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында аптасына қосымша 4 сағат оқу жүктемесін енгізіп, ағылшын тілін аптасына 3 сағат көлемінде үйірме жұмыстары есебінде қосымша меңгеруді және университет ғалымдарының ғылым бағыттары бойынша дәрістерін тыңдауды қарастырған. Сонымен қатар, КАТЕV халықаралық қорының қолдауымен  2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меңгерген физика, математика, информатика пәндерінің мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасын  республикада алғашқы болып енгіздік. Бүгінгі күні  осы бағдарлама бойынша колледждің 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибені бірте-бірте магниттік мектептер ретінде басқа мектептерге тарататын боламыз, – дейді басқарма басшысы.  

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндердің ішінен оқушының таңдауы бойынша 2 пәні жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын болады. Инновациялық білім беру ұйымдары ағылшын тілін тереңдетіп оқыту есебінен пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қиындықсыз өтеді деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз