Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

46

0

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалының ғимаратында жеке мәселелері бойынша
тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлады «Қоғам» телеарнасы.
    «Күміс алқа» иегері Алмагүл Жанназарова Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ің
ІІ курсында оқитын баласының жағдайына алаңдаулы. Атап айтқанда,
жұмыссыз ана оқу ақысын төлеуге дәрменсіз. Көпбалалы ана баласының облыс
әкімінің гранты негізінде оқуын жалғастырғанын қалайды. Аймақ басшысы
өтінішті құп алды. Тек бала сабақты жақсы оқыса болғаны.
    ІІ топ мүгедегі Күлсін Арзымбетова «сыйлыққа пәтер алды» деген
себеппен тұрғын үй кезегінен шығарылған. Оның анасы мұны заңсыз деп,
кезекті қайта қалпына келтіруді сұрады. Аймақ басшысы бұл мәселенің жіті
тексерілетін айтып, нәтижесі бойынша көмек берілетінін жеткізді.
    Қала тұрғыны Тұрар Сыздықов өңірдегі мұнай компанияларында «Нұр
Отан» партиясының бастауыш ұйымдарын құру керек деп санайды.
«Компанияларда кәсіподақ ұйымдары болғанымен олар көбіне жұмыс берушінің
сөзін сөйлеп кетеді», – дейді ол. Айтуынша, бастауыш партия ұйымын құру
жұмысшылардың еңбек құқығының сақталуына мүмкіндік береді. Аймақ
басшысы бұл ұсыныстың партияның саяси кеңесінде қаралатынын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз