МАЛ ЭКСПОРТТАУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ

75

0

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Астанадағы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді. Мәселен, бүгінде малдардың алғашқы партиясы Иранға жөнелтілді. Жыл аяғына дейін аталған елге 10 мың бас қой экспортталатын болады. Ал, болашақта экспортқа ет және ет өнімдері шығарылады.
«Осы аптаның аяғында Иранға баруды жоспарлап отырмыз. Сауда-экономикалық саласында ынтымақтастық және де ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімдік келісімге қол қоюды ойластырудамыз. Айта кету керек, соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты бізде 48 пайыздан астамға, күріш экспорты 53 пайызға артты. Ет экспортын одан әрі арттыру үшін облыста 2 ет комбинатының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асырудамыз», – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Сондай-ақ, ет бағытындағы құс шаруашылығы қайта жаңғыруда. Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы басталды. Ол 2018 жылы іске қосылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз