Аймақтық журналистерге арналған тренинг

45

0

Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың халыққа жолдауында бюджеттің ашықтығы мен есептілігі, жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелеріне маңыз беріліп келеді.

2016 жылдың 15-16 қаңтарында, Қызылорда қаласында
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен аймақтық
басылымдардағы экономика саласына жазатын қазақтілді журналистерге «Бюджет ашықтығы
мен есептілігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізуді жоспарлауда. Семинарға
қатысам деушілер мына электронды поштаға (aitumarym@gmail.com) өз өтініштерін жібере алады.

Екі күндік семинар-тренинг аясында сіздер Шолпан
Айтенованың «Бюджет ашықтығы және
есептілігі» деп аталатын дәрісін тыңдай аласыздар. Ал белгілі публицист,
«Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп «Қазақ журналистикасы: жетістік
қандай, кемшілік қайсы?» тақырыбында диалог форматында әңгіме өрбітеді.
Сондай-ақАсқар Беков «Инфографика – ақпараттандырудың озық формасы»атты
тақырыппенжурналистикадағы мультимедияның кең қолданатын құралын түсіндіретін
болады.

Жобаның
мақсаты – аймақтық басылымдардағы экономика тақырыбына жазатын қазақтілді
журналистерге мемлекеттік бюджеттің жоспарлануы, облыстар мен аудандарға бөліну
критерийлері және т.б. мәліметтерді түсіндіру. Дәріс аясындамемлекеттік
мекемелер дайындайтын жартыжылдық, жылдық қорытынды есеп және өзге бюджет
үдерісіне қатысты мәліметтерді халыққа түсінікті етіп жеткізуде сараптамалық
мақалалар мен зерттеулер дайындау жолын көрсету қарастырылған.

 

 

Қосымша ақпарат үшін:

Айдана НҰРМҰХАН,

тел. 87016149675

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз