Ақын Асқар атындағы мүшәйра

88

0

Ақын Асқар атындағы мүшәйраКеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Асқар Кіребаевтың 70 жылдығына арналған облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Шараға Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан келген 12 үміткер қатысып, қарымды қаламгердің өмір жолын өз шығармаларына арқау етті.

Жас ақындар мүшәйрасының ашылу салтанатында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев қаламгер жайында естеліктер ай¬тып, жас ақындарға сәттілік тіледі. Ал қатысушылар шара барысында ақиық ақынға арнаған өз шығармалары мен еркін тақырыпта бір-бір өлең оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жазба ақындардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев пен Қатира Жәленова, «Жалағаш жаршысы” газетінің бас редакторы Ғазиза Әбілда баға берді.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды сырдариялық Ақтөре Ибрагимұлы жеңіп алды. Ал ІІ орын шиелілік Бекжан Ержігітке бұйырса, келесі орынға Жалағаш ауданының жас ақыны Мәлік Оразхан көтерілді. Сондай-ақ, басқа да қатысушылар арнайы алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз