Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

41

0

Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарланды Ақорданың твиттерінде, – деп жазады «Қазақпарат».
Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір – Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987). 1987-91 – Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 – ҚМУ аспиранты. 1993-97 – Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары. 1997 – ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары. 1997-98 – ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары. 1998-99 – ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2001 – ҚР сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 – Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Сәуір, 2003 – наурыз, 2006 – Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 3 наурыз, 2006 – тамыз 2007 – ҚР сыртқы істер вице-министрі. Тамыз, 2007 – қыркүйек, 2008 – Австриядағы ҚР елшісі – ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі. Қаңтар, 2008 – ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы. Қыркүйек-желтоқсан, 2008 – ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі. Желтоқсан, 2008 – наурыз, 2011 – ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Наурыз, 2011 – Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2-ші санатты Төтенше және Өкілетті Елші шеніне ие (2001).    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз