Қайрат Нұрдәулетов: «Огай бар жерде мақсат бар»

47

0

Қайрат Нұрдәулетов: «Огай бар жерде мақсат бар»Клубтың баспасөз қызметіне аз-кем сұқбат берген «Қайсар» командасының қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов командаға келгені жайлы айтып беріп, бас бапкер Дмитрий Огай жайлы өз пікірін білдірді. 
– Қайрат, Қызылордаға қош келдіңіз! «Қайсар» футбол клубынан ұсыныс қалай түсті?
– Өткен жылдың қазан айы болатын. Бір күні Руслан Балтиев қоңырау шалып, алдағы жоспарларым туралы сұрады. Әңгімелестік. Алайда нақты ешнәрсе айтқан жоқпын. Өйткені, «Астанамен» келісімшартым бар болатын. Бас бапкермен сөйлесіп алуым керек болды. Содан Станимир Стойловпен ашық әңгімелесіп, ойын білдім. «Кет» деген жоқ, қумады да, бірақ сөзінен жастарға сенім артатынын, көбінесе қосалқы құрамда отыратынымды түсіндім. Сөйтіп, «Қайсар» футбол клубының директоры Руслан Балтиевке өзім хабарласып, мән-жайды айтып ем, «қазір Дмитрий Алексеевичке» айтайын деді. Бірнеше минуттан кейін Огайдың өзі телефон шалып, «Қайрат, ендеше жаттығу жиындарына кел» деп шақырды. Негізі, басқа да клубтардан үш-төрт ұсыныс түскен. Дегенмен, «Қайсарды» таңдадым. Өйткені, Огай бар жерде мақсат бар, нәтиже бар.
– Сырт көз ретінде «Қайсардың» былтырғы ойындарына қандай баға бересіз?
– Команданың қарымды екенін білдік қой. Бірақ турнир кестесінің ортасында жүретін шығар деп ойлағанбыз. Үздік алтылықтан орын алғанда, өз басым, шыны керек, таңғалдым. Бұл енді бас бапкердің еңбегі. Сондай-ақ, әр ойында барын салып ойнаған футболшыларға да көп рахмет айту керек. Талай фаворит Қызылордаға келіп, жалқы ұпайға зар болып кетіп жатты.
– Отбасыңызды алып келдіңіз бе?
– Жоқ, пәтер мәселесі шешіліп, Қызылордаға тұрақтап алайын, содан кейін отбасымды да алып келем. Әйтпесе, оларсыз қиын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз