Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің отбасы туралы айтты

350

0

Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің отбасы туралы айттыҚайрат Нұртас жуырда отандық Zhuldyz.tv арнасына сұхбат беріп, онда өзінің отбасын қашан көрсететін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
«Ұлық болсаң, кішік бол», – дейді ғой. Сонда ғана сен одан да ары өсе бересің. Бұл фильм шынында менің қанша жыл күткен армандаған фильмдерімнің бірі. Бірі болғанда басы ғой енді бұл. Құдай қаласа көресіздер. Қанша жыл, қаншама халық маған сөз тигізді, неге отбасыңды көрсетпейсің деген әңгімелер көп болып кетті ғой. Алла қаласа күзде фильмнің премьерасы болады. Жалпы өзіме фильм ұнады.
Онда мен әнші емес, футболист болып ойнаймын. Бірақ қайта-қайта өзімнің рөліме кіріп кете беремін», –  деді ол.
Сонымен бірге, ол отбасында үш ұл ғана болып, араларында қыз болмағанына қынжылмайтынын айтады.
«Қарындасың болса керемет қой. Бірақ мен бұл өмірге разымын, Аллаға шүкір екі інім бар, ата-анам бар. Қарындасым болғанда тіпті керемет болар ма еді. Бірақ, құпия. Қарындастың орнында басқа біреу бар», – деп күлді ол.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін желіде Қайрат Нұртастың әйелінің атынан желіде парақшалар ашылып, онда Қайраттың екі қызы және екі ұлы бар екені туралы жазылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз