«Қайсар» 11 жаңа ойыншымен толықты

57

0

«Қайсар» 11 жаңа ойыншымен толықты2014 жылғы ел чемпионатының аяқталғаны кеше ғана секілді еді, міне жаңа футбол маусымы қайта басталды. Дегенмен, Қызылорданың «Қайсары» қысқы маусымаралық үзілісті демалыссыз өткізді десек, артық айтқандығымыз емес. Маусым аяқтала салысымен көп ұзамай оқу-жаттығу жиынына аттанған Сыр футболшылары биылғы Премьер-лигаға дайындықты қызу бастап кеткен болатын.

Өткен жылы желтоқсан айында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген жерлестеріміз Жерорта теңізінің жағалауына төрт рет барып қайтты. Осы аралықта барлығы 13 жолдастық-бақылау кездесуін өткізіп, бес ойында жеңіске жетті. Қарсыластар қақпасына барлығы 32 гол соғып, өз қақпаларына 13 доп жіберіп алды.Жаттығу жиындары барысында клуб басшылығы 11 жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырған. Оның екеуі қақпашы, төртеуі қорғаушы, төртеуі жартылай қорғаушы, біреуі шабуылшы. Дәл қазіргі таңда командада Словакия, Болгария, Чехия, Эстония елдерінің легионерлері бар. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз