«Қайсар» 21 футболшымен келісім-шарт жасады

37

0

Бүгінгі күнге дейін «Қайсар» футбол командасы 21 спортшымен келісім-шартқа отырды. Олардың арасында қызылордалық, қазақстандық және шетелдік футболшылар бар.
Өткен жылғы құрамнан Ахмет Алайдаров, Олжас Алтаев, Сүйіндік Көшеков, Думан Нәрзілдаев, Жасұлан Молдақараев, Елжас Алтынбеков жергілікті футболшылар бар. Сондай-ақ, бізде бірнеше жылдан бері ойын көрсетіп жүрген Кирилл Прядкин, Серік Сағындықов, Магомед Узденов те биыл біздің команданың жейдесін киетін болды. Биыл олардың қатарын Дамир Дәуітов, Нұржарық Күнов, Кирилл Шестаков, Антон Землянухин, Илья Калинин, Сергей Шевцов, Сергей Струков сынды футболшылар толықтырды. Шетелден чех Мартин Кляйн, серб Милан Яблан, словен Матиц Марушко, эстон Римо Хунт «Қайсарға» келді. 
«Қайсар» төртінші оқу-жаттығу жиынын 16 ақпан-5 наурыз аралығында Түркияда өткізеді. Біріншіліктің алғашқы турында, 15 наурызда өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз