«Қайсар» қандай формамен ойнайды?

31

0

«Қайсар» қандай формамен ойнайды? Үстіміздегі жылдың 15 наурызы күні елімізде футболдан біріншілік басталады. Биыл Қызылорданың «Қайсары» Премьер-лигада ойын көрсетеді. 
Біздің команда маусым барысында АҚШ-тың Nike жейдесімен ойнайды. Олар спорт тауарын өндіретін ең iрi компания саналады. Олардың өнімдерін қазіргі таңда «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Ювентус», «Барселона», «Интер», «Зенит», «Шахтёр», «Днепр» және «Спартак» (Мәскеу) секілді командалар тапсырыс беріп отыр. Команданың баспасөз хатшысы Әзиз Оразбаев «Команда өз алаңындағы ойындарда қызыл формамен ойын көрсетеді. Ал сырт алаңда жейдесі ақ, астыңғы бөлігі қара түсті форманы киеді. Қақпашылардың жейделері сары және күлгін түсті болады» деді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз