\»Қайсар\» – \»Астана\» ойыны Орталық стадионда өтеді

50

0

"Қайсар" – "Астана" ойыны Орталық стадионда өтедіҚұрметті футболсүйер қауым, Қызылорда қаласының тұрғындары!
Сіздерді 25 сәуір күні Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында өтетін ойынға шақырамыз.
Сыр еліне елорданың «Астанасы» қонаққа келеді. Сегіз турдан кейін Станимир Стойлов бастаған «Астана» турнир кестесінде алдыңғы орында тұр. Яғни, Сыр жеріне де өзіндік мақсаттарымен келе жатқандары анық. Дегенмен, қайтпас, қайсарлығымен Қазақстанға аян «Қайсар» да қарап қалмасы анық. Ойын өте тартысты және қызықты өтеді деп күтілуде. Сондықтан, осы ойында жерлестерімізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет.
Стадионға келіп, өз командаңа қолдау көрсет, жанкүйер! «Жеңістің кілті – бірлікте!».
Ойын 25 сәуір күні Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – 15:00. Ал 24 сәуір күні «Локомотив» стадионында дәл осы уақытта аталмыш командалардың қосалқы құрамдары кездеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз