\»Қайсар\» – \»Ақтөбе\». Бас төреші – Артем Кучин

44

0

"Қайсар" - "Ақтөбе". Бас төреші - Артем КучинЕл кубогының 1/8-финалы аясында 14 мамыр күні өтетін «Қайсар» – «Ақтөбе» кездесуіне арбитрлар алқасы бекітілді. Матчқа төрелік жасау үшін Қызылордаға Халықаралық дәрежедегі ФИФА рефериі қарағандылық Артем Кучин келе жатыр.
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер және инспекторлар департаменті «Қайсар» – «Ақтөбе» кездесуінің бас төрешісі ретінде Артем Кучинді бекітті. Оған қапталда Екібастұз және Өскемен қалаларының өкілдері – Дмитрий Будниченко мен Евгений Попов көмектесетін болады. Естеріңізде болса, Будниченко өткенде ғана келіп кеткен. Нақты айтсақ, екібастұздық төреші «Қайсар» – «Атырау» кездесуінде бас төреші Марат Ысқақовқа қапталда көмекші болған.
Ал ойын 14 мамыр күні Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өтеді.
Басталуы – сағат 18:30. Билет бағасы – 200 теңге.
Келіңіздер, сүйікті командамызға бірге қолдау көрсетейік!
Қайсар – Ақтөбе 
Бас төреші: Артём Кучин (Қарағанды), 
Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Будниченко (Екібастұз), Евгений Попов (Өскемен)
Резервтегі төреші: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)
Инспектор: Валерий Агеев (Қостанай).
 
«Қайсар» ФК баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз