«Қайсар» – «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары ойынды Нағи Ілиясов ауылында өткізеді

47

0

«Қайсар» - «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары ойынды Нағи Ілиясов ауылында өткізедіМаусымның 19-ы күні
Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында жаңа
стадионның ашылуы болады. Ашылу құрметіне орай, аталмыш стадионның алаңында
«Қайсар» мен «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары Қазақстан біріншілігінің
16-туры аясындағы кездесуін өткізеді. Ойын сағат 19:00-де басталады. Матч
аяқталған соң көрермендерге Сыр өңірі жұлдыздарының қатысуымен концерт
қойылады.

«Қайсар»
футбол клубы барша жанкүйерлерді «Қайсар» және «Ақтөбе» футбол клубтарының
қосалқы құрамдары арасындағы аталмыш ойынға шақырады. Сондай-ақ, Қызылорда
қаласының жанкүйерлері үшін арнайы автобустың бөлінетінін де хабарлайды.
Автобус жанкүйерлерді сағат 16:30-дан бастап сағат 17:00-ге дейін Қызылорда
қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның оңтүстік бөлігіндегі
кассаның маңында күтеді. Автобус сағат 17:00-де жүріп кетеді.

Жаңа
аренада өз командаңа қолдау көрсет, жанкүйер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз