\»Қайсар\» байқау жариялады

50

0

"Қайсар" байқау жариялады«Қайсар» футбол клубы мен жанкүйерлердің ұйымдастыруымен өткен алғашқы байқау мәресіне жетті. Команда ойыншыларының қолтаңбалары қойылған «Бразука» добы, клубтық кепка және мойынорағыш, сондай-ақ жеңімпаз суретінің картинасын Фатима Бауыржанқызы жеңіп алды. Енді екінші байқауды бастаймыз, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Вконтакте» әлеуметтік желісі арқылы жанкүйерлер арасында байқау жүргізілген болатын. Шарт бойынша қатысушылар «Қайсар» футбол клубына қатысы бар (футболшылар, жаттықтырушылар, атрибутика, стадион) жандармен немесе нәрселермен суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге салуы тиіс болатын. Кімнің суреті көп «лайк» жинаса, сол жеңеді. Ал ең көп «лайкты» Фатима Бауыржанқызының Орталық стадионда Сергей Остапенкомен бірге түскен суреті жинады. Жеңімпазға естелік сыйлықтарды «Қайсар» – «Ақтөбе» (30-тур, 26.10.14 ж.) кездесуінің үзілісі кезінде команда қорғаушысы Дамир Дәуітов табыстады.

Жанкүйерлер арасындағы екінші байқау қарашаның 7-сі кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Байқау шарттары:
• Байқау екі кезеңнен тұрады.
• Шарт бойынша бірінші кезеңде қатысушылар үш фотоға (Бірінші фото: Қайсар» футбол клубының ойыншысымен/жаттықтырушысымен; екінші фото: «Қайсар» футбол клубына байланысты атрибутикамен; үшінші фото: футбол тақырыбына байланысты кез-келген сурет) түсіп, соның барлығын бір суретке (retrica) тоғыстыруы керек те, «Вконтакте» әлеуметтік желісіне салуы тиіс. Ең көп репост жасалған 10 суреттің иесі екінші кезеңге (финал) жолдама алады.
• Екінші кезеңде финалға шыққан 10 қатысушы «Қайсар» футбол клубына байланысты ұрандар ойлап табулары тиіс. Ұранның саны неғұрлым көп болған сайын жеңіске жету мүмкіндіктеріңіз де соғұрлым молаяды. Сондықтан, ұрандарыңыздың көбірек болғаны өздеріңізге абзал. Ал үздік ұранды жанкүйерлер мен клуб өкілдерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.

Марапат:
• Жеңімпаз жанкүйер «Қайсар» футбол клубының түздегі жейдесіне (ақ форма) ие болады.
• Үздік ұранды жанкүйерлер «Қайсар» – «Шахтер» кездесуі (09.11.14 ж.) кезінде жанкүйерлер 15 минут бойы ұрандатып тұратын болады.
• Жеңімпаз жанкүйерге естелік сыйлық «Қайсар» – «Шахтер» кездесуінің (09.11.14 ж.) үзілісі кезінде табысталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз