\»Қайсар\» Болгария командасынан ұтылды

53

0

"Қайсар" Болгария командасынан ұтылдыҚызылорданың «Қайсары» үшінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы жерлестерімізге Болгарияның «Хасково2009» командасы қарсылас атанды.

Өте тартысты өткен ойында екі команда да гол соғатын көптеген шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен, «Қайсардың» алғы шепте тағы да жолы болмады. Өз кезегінде болгарлар мүмкіндіктерін мүлт жібермей, қақпамызға гол соғып кетті. Қорытынды есеп – 0:1, «Қайсардың» қарқыны қатты болғанымен гол соғуға шама жетпеді.

Осылайша қызылордалықтар осы жиындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Енді 10 ақпан күні елге оралып, бірнеше күндік демалыстан кейін қайта жаттығу жиынына жол тартады, деп хабарлайды «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз