«Қайсар» дарындарды шақырады

54

0

«Қайсар» дарындарды шақырадыФутбол ойнап, жұлдыз болғың келе ме? Қызылорданың бас командасының намысын қорғап, қала берді Қазақстан ұлттық құрамасынан орын алғың келе ме? Олай болса, «Қайсар» футбол клубына кел.
«Қайсар» футбол клубы футбол орталығының ашылғанын ресми түрде хабарлайды. Дәл қазір жеткіншектерге іріктеу жүргізілуде. Егер ұлыңыз, туысқаныңыздың, көршіңіздің, танысыңыздың баласы футболға әуес болса, онда «Қайсар» футбол клубының орталығына алып келіңіз. «Қайсар» футбол клубының дайындық топтары, яғни футбол орталығы балалар мен жеткіншектерге іріктеу жүргізіп, арасындағы дарындыларын командаға қабылдауда. Асығыңыз, мүмкін ел футболының болашақ жұлдызы осы бала шығар.
Жас ерекшелігіне қойылатын талап: «Қайсар» футбол клубының орталығына 1997 мен 2004 жылдар арасындағы балалар қабылданады.
Іріктеу «Локомотив» стадионында күн сайын жүргізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз