\»Қайсар\» Донецкінің \»Металлургінен\» жеңілді

49

0

"Қайсар" Донецкінің "Металлургінен" жеңілдіТүркияның Анталия қаласында маусым алдындағы үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қызылорданың «Қайсары» бүгін Донецкінің «Металлург» командасымен жолдастық-бақылау кездесуін өткізді.

Қарсыластарынан 0:3 есебімен жеңілгеніне қарамастан Дмитрий Огай шәкірттері де гол соғатын бірнеше тамаша шабуылдар жасады. Алайда, жерлестеріміздің ұмтылыстары нәтиже берген жоқ. Өз кезегінде «Металлург» өздерінде болған мүмкіндіктерін мүлт жібермей, қақпамызға бірінші таймда екі, үзілістен кейін тағы бір доп соқты. Үзілісте «Қайсардың» бас бапкері ойынға бірнеше өзгеріс енгізген. Алаңға шыққан футболшылар да қызылордалықтардың ойынына тың серпін берді. Бірақ гол соғуға шама жетпеді.
Айта кетейік, Донецкінің «Металлургі» Украинаның ең үздік клубтарының бірі. Үш рет ел чемпионатында үздік үштіктен көрініп, екі рет ел кубогының финалына дейін жеткен. Биыл, бірақ жағдайлары мәз емес. Украина Премьер-лигасының бірінші кезеңінен кейін 10-орында келеді.
Ал «Қайсар» енді өзінің осы жиындағы соңғы ойынын 8 ақпан күні Болгарияның «Хасково» клубына қарсы өткізеді. Қызылордаға команда 10 ақпанда оралады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз