«Қайсар» гандбол клубы – Азия чемпионатының жеңімпазы

35

0

«Қайсар» гандбол клубы – Азия чемпионатының жеңімпазыҚызылорда облысында 26 қазан-1 қараша аралығында гандболдан әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының бірінші Азия чемпионаты аяқталды, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Оған Иран, Катар, Өзбекстан және Қазақстаннан 6 клуб қатысып, жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде 10 ұпаймен Қызылорданың «Қайсар» гандбол клубы бірінші орынды иеленіп, автобустың кілті табысталды. 
Айта кетейік,  әйелдер арасындағы Клубтар Лигасының бірінші Азия чемпионатының алғашқы жеңімпазы болып «Қайсар» клубы атанды.
8 ұпаймен екінші орынды «Алматы» ГК иеленсе, 6 ұпаймен  үшінші орынды Алматы облысының «Іле» клубы еншіледі. Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом, кубоктармен марапатталды. 
«Қайсар» гандбол клубы – Азия чемпионатының жеңімпазы
«Қайсар» гандбол клубы – Азия чемпионатының жеңімпазы
 
 
 
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз