«Қайсар» Кубок ойындарын жалғастырады

44

0

«Қайсар» Кубок ойындарын жалғастырадыБүгін, 23 сәуірде еліміздің 16 қаласында футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары өткізілді. Қызылорда «Қайсар» командасы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу-Сұңқар» командасымен кездесті.
Қарсылас клуб бірінші лигада ойын көрсетеді. Алғашқы үш турдан кейін 4 ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында келеді. Бұл ұжым былтыр бірінші лигада ойын көрсеткен Алматы облысының «Сұңқар», «Ақбұлақ», «Іле-Сәулет» командаларының өзара бірігуі нәтижесінде құрылған. Сондықтан оларды оңай ұжым ретінде санауымыз ретсіз.
Дегенмен, ойын барысында қызылордалық ойыншылардың басымдығы байқалды. Бірінші кезеңде «Қайсардың» эстониялық шабуылшысы Ремо Хунт есеп ашса, келесі кезеңде жерлесіміз Думан Нәрзілдаев есепті 2:0-ге жеткізді. Ойын осы есеппен аяқталды. «Қайсар» жарыстың келесі сатысына шықты.
Үстіміздегі жылы облыс басшылығы команда алдына Қазақстан кубогын жеңіп алу міндетін қойған еді. Осылайша «Қайсар» сол биікке бір табан жақындай түсті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз