\»Қайсар\» кубокқа бастар жолдың алғашқы есігін ашты

52

0

Кеше, 23 сәуірде футболдан Қазақстан Республикасы кубогының електік кезеңі өтті. Өз ойынын түзде өткізген Қызылорданың «Қайсары» Талдықорғанда «Жетісу-Сұңқар» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
«Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:2
Голдар: Хунт, 44. Нәрзілдаев, 54.
Ескертулер: Қазыбеков, 41 – Шевцов, 55. Нәрзілдаев, 65.
«
Резерв: Жуков, Берсүгіров, Сәуле, ХанЖетісу-Сұңқар»: Овчинников, Қазыбеков, Жұмабеков, Болат, Есжанов, Тәжмағамбетов, Травин (Задорожный 46), Леденев (Паринбек 77), Оразбеков (Синицких 71), Нұржанов, Райханов
«Қайсар»: Ширяев, Күнов, Көшеков, Яблан, Балтаев, Шевцов, Мошников, Розыбакиев (Землянухин 75), Нәрзілдаев (Алтынбеков 88), Калинин, Хунт (Молдақараев 79)
Резерв: Короткевич, Дәуітов, Қуанышбеков.
Төрешілер: Быстров (Сараң), Қарабаев, Жүнісов (екеуі де – Астана)
23 сәуір. Талдықорған. «Жетісу». 100 көрермен
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан екі команда да ойынға тас-түйін дайын шықты. Дегенмен, асыра сілтегеніміз емес, алаң иелері «Қайсардың» қарқынына тек 44 минут қана төтеп бере алды. Ал үзіліске бір минут қалғанда эстониялық шабуылшымыз Римо Хунт талдықорғандықтардың шабуылшысы Овчинниковты қапы қалдырып, қонақтарды алға шығарды. 
Бұл Римоның Қазақстан алаңдарындағы алғашқы голы еді. Ал екінші голды ойынның 54-минутында Думан Нәрзілдаев соқты. Сонымен, есеп – 2:0, «Қайсар» еш қиындықсыз жеңіске жетіп, ел кубогының келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл жайында бізге «Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Әзиз Оразбаев мәлім етті.
Жалпы, айта кетер жайт, командамыздың бас бапкері Дмитрий Огай бұл ойында негізгі құрамға ілікпей жүрген бірқатар футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Атап айтсақ, гол соққан Думан Нәрзілдаевтан бөлек, Евгений Ширяев, Сүйіндік Көшеков және Сергей Шевцов бірінші минуттан бастап алаңға шықса, кездесудің соңына таман ойынға Елжас Алтынбеков қосылды. Ал Тұрарбек Қуанышбеков қосалқы құрамда отырып ойынды тамашалады. Сондай-ақ, жарақатынан айыққан Алдан Балтаев та 90 минут ойқастауға дайын екенін дәлелдеді. 
Енді ертең кешкісін Қызылордаға ұшып келетін «Қайсар» футболшылары бірден «Шахтерге» қарсы кездесуге дайындықтарын бастайды. Ойын 27 сәуір, яғни жексенбі күні «Локомотив» стадионында өтеді. Басталуы сағат – 17:00.
Тақырыбымыздың соңында айта кетейік, ел кубогының електік кезеңінен Премьер-лиганың екі командасы өте алмай қалды. Семейдің «Спартагы» Қаратауда жергілікті «Лашыннан» 0:2 есебімен жеңілсе, Талдықорғанның бас командасы «Жетісу» Қарағанды облысының Сараң қаласында «Гефесттен» 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. 
ҚР кубогының електік кезеңі:
«Астана-1964» – Мақтаарал» 4:0
«Каспий» – «Восток» 1:4
«Болат АМТ» – «Атырау» 0:2
«Гефест» – «Жетісу» 5:1
«Лашын» – «Спартак» 2:0
«Екібастұз» – «Ордабасы» 0:3
ЦСКА – «Қызылжар» 0:3
«Қыран» – «Ақжайық» 3:0
«Оқжетпес» – «Қайрат» 1:3
«Бәйтерек» – «Тобыл» 0:4 
 
Дерек көзі: www.fckaysar.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз