\»Қайсар\» қонақта \»Ақтөбемен\» тең ойнады

77

0

"Қайсар" қонақта "Ақтөбемен" тең ойнадыҚазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында түзде «Ақтөбемен» ойнаған Қызылорданың «Қайсары» алаң иелерімен тең ойнап, кішігірім сенсацияның авторы атанды. Есеп – 0:0.

«Ақтөбе» – «Қайсар» (Қызылорда) – 0:0
«Ақтөбе»: Сидельников, Царикаев, Мулдаров, Мирошниченко, Логвиненко, Коробкин, Сантана, Хайруллин (К) (Айымбетов, 65), Пиззелли (Жалмұқан, 80), Неко, Антонов (Зенькович, 72).
«Қайсар»: Прядкин, Даутов, Яблан, Балтаев, Розыбакиев, Фурдуй, Остапенко (Хунт, 78), Землянухин, Нехтий (Марушко, 88), Струков (К), Алтынбеков (Күнов, 74).
Төрешілер: Айдын Рахымбаев, Серік Қошқаров (екеуі де – Алматы), Елеш Құсайынов (Астана).

Кездесудің сөзсіз фавориті мамандар бірауыздан «Ақтөбені» атаған болатын. Біріншіден, ел чемпионы «Ақтөбе» ойынды өз алаңында қабылдап жатты. Екіншіден, екі команда арасындағы өзара статистика көрсеткіші де жерлестеріміз үшін көңіл көншітпейтіндей еді. Ал үшіншіден, «Қайсар» осы кездесу қарсаңында бірнеше маңызды ойыншысынан айрылып қалды. Атап айтсақ, Жасұлан Молдақараев, Илья Калини және Мартин Кляйн жарақат алып қалған. Мамуту Кулибали дисквалификациясына байланысты ойынды жіберуге мәжбүр. Сондай-ақ, Римо Хунттың да алаңға шығу-шықпауы белгісіз еді.

Сонымен не керек, ойын «Ақтөбенің» қарқынды шабуылдарымен басталды. Антонов бар, Пиззелли бар, сондай-ақ Данило Неко бар, «Қайсар» қақпасына бір тыным берген жоқ. Абырой болғанда, Кирилл Прядкин әдеттегідей мұндай сынақтардың барлығына абыроймен төтеп берді. Ал Прядкиннің де шамасы келмей қалған кезде жерлестерімізге қақба бағаны көмекке келді. Рас, қызылордалықтарда да гол соғатын керемет мүмкіндіктер болған. Бірақ допты қорғаушыдан өзі тартып алып, қақпашымен қоса тағы екі қарсыласын қапыда қалдырғанымен бес метрдей жерден қақпаны дәл көздей алмай, «теңбіл снарядты» биікке жіберді. Одан бөлек, Владислав Нехтийдің де гол соғатын керемет мүмкіндігі болған. Қызылордалықтар сапында тұңғыш рет алаңға шыққан Влад қақпашымен жеке-дара шығып, өкінішке қарай, өз мүмкіндігін голға айналдыра алмады.

Екінші тайм да осы сценариде өтті. Яғни, алаң иелері қарқынды шабуылдарын үсті-үстінен күшейтсе, қонақтар қарымта шабуылдарға иек артып, өз сәттерін күтумен болды. Дегенмен, матч басында 0:0 нәтижесін көрсетіп тұрған таблодағы есеп ойын аяқталғанша өзгерген жоқ.

Енді Дмитрий Огай шәкірттері келесі ойындарын Премьер-лиганың 27-туры аясында Қызылордада өткізеді. Қарсыласымыз – елорданың «Астанасы».

 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз