«Қайсар» оқу-жаттығу жиынына аттанды

45

0

   Премьер-лигаға жылдық үзілістен кейін қайта оралған «Қайсар» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын тыңғылықты өткізіп жатыр. Олар үстіміздегі жылдың 5 қаңтарында Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті.
   Аталмыш оқу-жаттығу жиынында бапкерлер құрамы төмендегі ойыншылар шеберлігін таразыға тартатын болады. Олардың қатарында қақпашылар: Кирилл Прядкин, Ахмет Алайдаров, Ерәділ Тілеуов, Ильдар Шайхесламов, қорғаушылар: Олжас Алтаев, Сүйіндік Көшеков, Дамир Дәуітов, Серік Сағындықов, Олжас Керімжанов, Нұржарық Кунов, Владимир Седельников, Жартылай қорғаушылар: Думан Нәрзілдаев, Рахимжан Розыбакиев, Абылайхан Махамбетов, Дидар Сыдықбек, Кирилл Шестаков, Магамед Узденов, Алексей Мальцев, Антон Землянухин, шабуылшылар: Жасұлан Молдақараев, Елжас Алтынбеков, Алмас Арменов, Тимур Байжанов, Глеб Мальцев, Дастан Дүйсембаев және Сергей Струков бар. Сондай-ақ,  дайындық барысында Артём Артюнин (Эстония), Амир Гурбани (Туркмения), Матик Марушко (Словения), Лукаш Байер (Чехия) сынды шетелдік ойыншылар сынақтан өткізіледі. Оқу-жаттығу жиыны 5-19 қаңтар аралығында болады.
   «Қайсар» командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 2013 жылдың 9-23 желтоқсан аралағында ұйымдастырды. Осы жиында жерлестеріміз Алматының «Қайраты» (1:2), Түркияның «Серие Беледиеспор» (4:1) және Оралдың «Ақжайығымен» (0:0) командаларымен жолдастық кездесуде жасыл алаңға шықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз