«Қайсар» оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

47

0

«Қайсар» оқушыларға шеберлік сабағын өткіздіҚызылорданың «Қайсар» футбол клубының ойыншылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен жүздесті. «Салауатты ұрпақ – Ел болашағы» атты дене шынықтыру және спорт апталығы аясында өткізілген бұл қызықты әрі мазмұнды кездесуде «Қайсар» клубының тарихы мен жетістіктері жайында және кәсіби футболшы болу туралы сөз болды. Сондай-ақ қайсарлықтар допты тебуде шеберлік сынып өткізіп, жас жеткіншектермен өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Ең қызықты сұрақ қойған оқушылар «Қайсар» футбол клубының арнайы сыйлықтарына ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз