\»Қайсар\» ойыншыларын таныстыру 4 наурызда өтеді

41

0

"Қайсар" ойыншыларын таныстыру 4 наурызда өтедіАнталияға іс-сапармен барған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Облыстық футбол федерациясының Президенті Нұржан Әлібаев «Сентидо Зейнеп» қонақүйінде «Қайсар» футбол клубының бапкерлер алқасы және ойыншыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызылордалықтар сапына жаңа қосылған ойыншылармен танысқан Нұржан Нұрмағамбетұлы команда алдына қойылған жаңа мақсаттар туралы да айтып өтіп, «2015 жылғы футбол маусымындағы әуелгі мақсат – үздік алтылықтан орын алу» деді. Сондай-ақ, футболшылардың Қызылорда қаласындағы базасы да жөндеу жұмыстарынан өтіп, команданың алаңсыз жаттығу үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын жеткізді. Ал сөзінің соңында команданың маусым алдындағы презентациясы 4 наурыз күні Нартай Бекежанов атындағы драма-театрда өтетінін хабарлап, футболшыларды қалада жаңа салынған аквапаркке қонақ болуға шақырды.
Жалпы, емін-еркін, көңілді өткен кездесу барысында футболшылар Облыстық футбол федерациясының Президентіне қалаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алып, сол сауалдарына қажетті жауаптарын естіді.
Жиын соңында «Қайсар» футбол клубына сәттілік тілеген Нұржан Әлібаев әр ойында жанкүйерлер сүйсінетіндей ойын өрнегін көрсетулеріне тілектес екендігін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз