\»Қайсар\» Словакия командасын ойсырата жеңді

76

0

Қ"Қайсар" Словакия командасын ойсырата жеңдіызылорданың «Қайсары»
Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді.
Словакияның «Белуса» командасымен кездескен жерлестеріміз қарсыластарының
қақпасына жауапсыз тоғыз гол соқты.

 
«Қайсар» – «Белуса» (Словакия) – 9:0

Голдар:Нехтий, 3. Алтынбеков, 19. Пирошка, 39. Хунт, 48. Хунт, 53. Струков, 64.
Хунт, 76. Нұрдәулетов, 79. Струков, 88.
 
Әу
баста «Қайсардың» бұл жолғы қарсыласы Туланың «Арсеналы» болады деп
жоспарланған-ды. Дегенмен, соңғы сәтте бапкерлер алқасына жоспарға аздап
өзгерту енгізуге тура келді.
«Қайсар»
ойынды екі құраммен өткізді. Ешкіммен алмаспай, екі тайм ойнаған тек қақпашы
Кирилл Прядкин ғана. Ал алғашқы гол үшінші минутта-ақ соғылды. Данилл Цойдың
пасынан кейін есеп ашқан Владислав Нехтий болатын. 19-шы минутта Дмитрий Огай
шәкірттері есепті еселей түсті. Серікжан Мужиков бұрыштама добын әдемі
әуелетіп, Елжас Алтынбеков баспен гол соқты. Одан кейін үшінші допты қарсылас
қақпасына Юрай Пирошка тоғытты.
Екінші
таймда «Қайсар» жігіттері тағы алты тура соққымен көзге түсті. Оның үшеуін Римо
Хунт соқса, Сергей Струков дубль авторы атанып, тағы бір голды Қайрат
Нұрдәулетовтің атына жазылды.
Енді
ертең команда жеңіл жаттығудан кейін Қызылордаға оралады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз