\»Қайсар\» тарихын бірге жаңғыртайық!

43

0

"Қайсар" тарихын бірге жаңғыртайық!«Қайсар» футбол клубы команданың жеке мұражайын жасау үшін қызылордалық футбол жанашырларын, жанкүйерлерін көмекке шақырады.
1968 жылы құрылған «Қайсар» футбол клубының тарихы өте бай. Барлығын тізіп жатпай-ақ қоялық, Петр Боголюбовтан бастап, команданы Тимур Сегізбаев, Виктор Веретнов, Юрий Хакимов, Ваит Талғаев, Владимир Никитенко, Дмитрий Огай сынды ас мамандар жаттықтырды. Әбіл Қалымбетовтан бастап, Нартай Құлымбетов, Алаш Өтеуішев, Тілеухан Тұрмағамбетов, Сұлтан Әбілдаев сынды саңлақтар ойнады. КСРО біріншіліктерінде «Кзыл-Орда», «Волна», «Автомобилист», «Орбита», «Мелиоратор» ретінде өнер көрсеткен Сыр командасы талай қызықты да шыжықты кезеңдерді бастан кешірді.
«Өткенсіз бүгін жоқ» дейді. Осыған орай, «Қайсар» футбол клубы команданың тарихын топтастырып, клубтың жеке мұражайын ашпақ. Егер сіздерде Сыр командасына қатысты қандай да бір құжаттар, фотосуреттер, мақалалар, жалпы материалдар бар болса, клубқа өткізулеріңізді өтінеміз.
Көмек, қолдауларыңызға алдын ала рахмет! Сүйікті командамыздың тарихын бірге жаңғыртайық!
Байланыс үшін: 8 707 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)
«Қайсар» ФК баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз