\»Қайсар\» түрік командасын жеңді

49

0

"Қайсар" түрік командасын жеңді   Қазір Қызылорданың «Қайсары» Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр. Дайындық барысында бірқатар командалармен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Алғашқы ойында жерлестеріміз аталмыш мемлекеттің Стамбул қаласының намысын қорғап жүрген «Қарагюмрюк» командасымен кездесті. Бұл клуб футболдан Түркия біріншілігінің екінші лигасында сынға түсіп келеді. Олар 38 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 18 орында тұр.
   Аталған кездесуде «Қайсардың» бас бапкері Дмиртий Огай көптеген футболшыларды сынақтан өткізді. Ол кездесудің алғашқы кезеңінде мына ойыншыларды алаңға шығарды: Тілеуов, Дәуітов, Седельников, Сағындықов, Розыбакиев, Махамбетов, Марушко, Чулум, Землянухин, Фатхуллаев, Пурович. Қарсыластар қақпасына алғашқы гол 17 минөтте соғылды. Біздің команда сапынан Абылайхан Махамбетов «Қарагюмрюк» қақпасы маңында екі ойыншыны алдап өтіп, әріптесі Антон Землянухинге әуелетіп пас берді. Мұндай мүмкіндікті А.Землянухин мүлт жіберген жоқ. Баспен қақпаға гол соғып, өз командасын алға шығарды. Көп ұзамай түрік ойыншылары  өз қақпасынан тағы да доп алып шығуға мәжбүр болды. Рақымжан Розыбакиев ұйымдастырған шабуылды Антон Землянлухин мен Милан Чулум одан әрі өрбітіп, соңғы сәтте допты Фатхулла Фатхуллаев алыстан теуіп, қақпа торын бүлк еткізді.  Бірінші кезеңнің ортан белінде «Қайсардың» қорғанысында түсінбеушілік орын алып, соның салдарынан түрік футболшылары біздің қақпадан саңылау тапты. Есеп  2:1. Жерлестеріміз 38 минөтте тағы да есепті ұлғайтты. Бұл сәтте Абылайхан Махамбетовтің қанжығасы майланды. 
   Үзілістен кейін «Қайсар» құрамында түгелдей жаңа ойыншылар жасыл алаңға шықты. Олардың қатарында Плотников, Алтаев, Карамушко, Керімжанов, Көшеков, Кришко, Гурбания, Байер, А.Мальцев, Байжанов, Струков бар. Екінші кезеңде де жерлестеріміз допқа көбірек иелік етті. Бұл жолы Юрай Кришко мен Сергей Струков мергендік танытты. 
    Естеріңізге сала кетелік, ,аталмыш оқу-жаттығу жиыны барысында енді 11 қаңтарда Ресейдің Саранск қаласының «Мордовия» клубымен жасыл алаң төрінде шеберлік байқасады. Ал жерлестеріміз 14 қаңтарда Бразилияның «Моги Мирим», 18 қаңтарда Ресейдің Нижний Ноогород қаласының «Волгасымен» ойнайды. Екінші оқу-жаттығу жиыны 19 қаңтарға дейін созылады
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз