\»Қайсар\» түзде \»Шахтермен\» тең ойнады (видео)

37

0

"Қайсар" түзде "Шахтермен" тең ойнады (видео)Түзде Қарағандының «Шахтерімен» кездескен Қызылорданың
«Қайсары» алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсетіп, 0:0 есебімен тең
ойнады. Енді Дмитрий Огай шәкірттері келесі ойынын 29 тамыз күні
Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізеді, деп хабарлайды «Қайсар» клубының баспасөз қызметі.

 

Шахтер – Қайсар 0:0
Ескерту: Масло 21, Қонысбаев 69 – Прядкин 65, Шестаков 69, Кляйн 70, Струков, 71.
Шахтер: Мокин, Габышев (Бауыржан, 79), Масло, Порываев, Маслый, Симчевич, Муртазаев, Вичюс, Қонысбаев (К), Покривач, Топчагич.
Резерв: Покатилов, Саломов, Борантаев, Ермеков, Оспанов, Мурзоев.
Қайсар: Прядкин, Кляйн (К), Кулибали (Балтаев, 80),
Дәуітов, Яблан, Шестаков, Фурдуй, Землянухин (Розыбакиев, 89), Калинин
(Нәрзілдаев, 65), Струков, Остапенко.
Резерв: Ширяев, Марушко, Молдақараев, Алтынбеков.
Төрешілер: Гаузер (Петропавл), Гусев (Көкшетау), Козлов (Ақтау)
«Металлург» стадионы (Теміртау).

Қазақстан чемпионатының 23-туры, яғни Премьер-лиганың екінші кезеңі
аясындағы алғашқы кездесу жерлестеріміз үшін жаман өткен жоқ. Тіпті, гол
соғатын да мүмкіндіктер болды. Егер футболшыларымыз өздерінде болған
мүмкіндіктерін голға айналдыра алғанда, онда Қарағандыдан жеңіспен
оралуымыз да ғажап емес еді. Дегенмен, матчтың қаһарманы деп қақпашымыз
Кирилл Прядкинді айтуға болатын шығар. Бүгін Кира қақпасына ұшқан доптың
барлығын қайтарып, ешқайсысын өзінің иелігіне дарытқан жоқ. Қорытынды
есеп – 0:0.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз