\»Қайсар\» жанкүйерлерін жылдың қорытынды кешіне шақырады

57

0

"Қайсар" жанкүйерлерін жылдың қорытынды кешіне шақырадыПремьер-лиганың соңғы, яғни 32-туры аясында өтетін «Қайсар» – «Шахтер» (Қарағанды) кездесуінің уақыты бекітілді. Қарашаның 9-ы күні өтетін ойын елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ел чемпионатынң турнир кестесінде 5-орынға орнығу үшін Қызылорданың «Қайсарына» соңғы турда қарсыласынан жеңілмесе жеткілікті. Ал «Шахтерге» 5-орынға көтерілу үшін қалайда «Қайсарды» жеңу керек. Сондықтан, бұл матч екі команда үшін де шешуші болайын деп тұр.

Ал ойыннан кейін клуб басшылары барша жанкүйерлерді маусымның қорытынды кешін бірге өткізу үшін Нартай Бекежанов атындағы театрға шақырады. Салтанатты шара ойыннан кейін бірден, яки 9 қараша күні сағат 18:00-де басталады.

Сондай-ақ, аталмыш командалардың қосалқы құрамдары кездесетін уақыт та белгілі болды. Яғни, дубльдік командалар арасындағы ойын 8 қараша сағат 15:00-ге белгіленген.
Командамызға бірге қолдау көрсетейік, жанкүйер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз