\»Қайсар\» жастары КФЛ кубогын жеңіспен бастады

45

0

"Қайсар" жастары КФЛ кубогын жеңіспен бастадыҚосалқы құрам арасындағы ел чемпионаты аяқталып, Кәсіпқой футбол лигасы басталды. Бірінші турын түзде қарағандылық «Шахтердің» қосалқы командасына қарсы өткізген «Қайсар» жастары алаң иелерін 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды fckaysar.kz.

Шахтер – Қайсар 1:2

Голдар: Васильев, 30 – Рүстемов, 39. Кемалұлы, 50. 

Ескерту: Ысқақов, 61.

Шахтер: Покатилов (Заруцкий 46), Журавлев, Джидич, Аманжолов, Ермеков, Жүсіпов, Сапанов, Байжанов, Алишаускас (Әбенов 70), Васильев (Рымбаев 81), Жаңғылышбай (Погибелко 46).

Резерв: Земцов, Ракишев, Нұрмағамбетов

Қайсар: Короткевич, Ысқақов, Рахметов, Рүстемов, Әлиев, Қуанышбеков, Балымбетов (Біләл 90+2), Кемалұлы, Тұрғанбай (Жамалдин 90+1), Аяжан (Бердібек 90+4), Савич

Резерв: Тілеуов

Төрешілер: Филатов (Сараң), Субботин (Қарағанды), Паршин (Сараң)

23 тамыз. Қарағанды. «Шахтер» стадионы (қосалқы алаң). 100 көрермен

     Дегенмен, ойын қызылордалықтар үшін оңай басталған жоқ. 30-минутта қақпаларына гол жіберіп алған Қайыржан Әбуов шәкірттері қаймыққан жоқ. Он минутқа жетер-жетпес уақытта Ерболат Рүстемов есепті теңестірсе, екінші таймның басталғанына бес минут өткенде Қуаныш Кемалұлы таразы басын «Қайсар» жағына қарай аударды. Осылайша «Қайсар» жастары КФЛ кубогын жеңіспен бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз