\»Қайсардың\» өз алаңындағы үш кездесуде бір есеп тіркелді

95

0

"Қайсардың" өз алаңындағы үш кездесуде бір есеп тіркелді«Қайсар» бүгін, 5 сәуірде өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді.

Жалпы, Қызылордада өткен соңғы 12 кездесуде алаң иелері 5 мәрте басым түссе, 2 ойында жеңімпаз анықталған жоқ.Сондай-ақ, 2003 жылдан бергі 9 ойында «Қайсар» 5 мәрте жеңіске жетіп, 4 рет тең түсті. Яғни. осы «дәстүр» бұл жолы да жалғасын тапты.
Екі команда арасындағы ойында бірнеше гол соғатын мүмкіндік орын алған. Дегенмен, оны екі команда да дегендеріне пайдалана алмады. Бір қызығы, «Қайсардың» биыл өз алаңындағы үш кездесуде де 0:0 есебі тіркелді.
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:Қайрат – Оқжетпес 4:0, Астана – Ақтөбе 0:0, Жетісу – Ертіс 2:2, Тобыл – Шахтер 4:1, Ордабасы 1:0.
«Қайсар» келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. Жерлестеріміз 11 сәуірде «Ақтөбемен» шеберлік байқасады. Дәл сы күні «Атырау» – «Тобыл», «Ертіс» – «Оқжетпес», «Ордабасы» – «Қайрат», «Тараз» – «Астана», «Шахтер» – «Жетісу» командалары кездеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз