Қайта іске қосылған Арал элеваторы тәулігіне 150 тонна ұн өндіре алады

59

0

Қайта іске қосылған Арал элеваторы тәулігіне 150 тонна ұн өндіре аладыАрал қаласындағы бидай өңдейтін, ұн шығаратын элеватор қайтадан іске қосылды. Бұл туралы аудан әкімі Абзал Мұхимов мәлімдеді.

«Элеватор
жұмысы көп уақыттан бері тоқтап тұрған болатын. Инвестор тартудың
нәтижесінде оған қайтадан жан бітті. Өндіріс орнының тәулігіне 180 тонна
бидай тартып, одан 150 тонна ұн алуға мүмкіндігі бар. «Ранар»
серіктестігі «Аралым» ұны мен мал жемін сатылымға шығаруда», делінген
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

– Экономиканы әртараптандыру мақсатында кәсіпорын базасында бірнеше цех пен зауытты іске қосамыз, – деді Абзал Мұхимов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз