Қайталама жүргізуші куәлігін Электрондық портал арқылы алуға мүмкіндік бар

41

0

Қайталама жүргізуші куәлігін Электрондық портал арқылы алуға мүмкіндік барЭлектрондық үкімет порталы /ЭҮП/ – мемлекеттік
қызмет көрсетудің жаңа деңгейін қалыптастыратын ресурс яғни, мемлекеттік
қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе.

Соның ішінде, ХҚКО-да тұрғындарға қолайлы жағдай
жасау мақсатында онлайн режимінде қайталама жүргізуші куәлігін алу бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты қала тұрғындары аптаның әр
күні ХҚКО-да орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышына келіп, қайталама
жүргізуші куәлігін алуға Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш берулеріне
болады.
Аталған қызметті алу үшін, «Электрондық үкімет
порталына» кіріп «Көлік және коммуникация» саласының ішінен «жүргізуші куәлігін
алу» қызметін таңдай отырып онлайн қызметіне тапсырыс жасай аламыз. Одан кейін
төмендегіше сұратуларын орындаймыз;
1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу»
батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және ЭЦП қол қою (электрондық цифрлық
қолтаңбамен). Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және
қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар)
3. Қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алымды
төлеу.
Мемлекеттік баж 1,25 АЕК-ті құрайды.
Мемлекеттік қызметтің орындалуы жайлы
хабарламаны 2 сағат ішінде ала аласыз.
«Электрондық Үкімет порталы» арқылы жүргізілетін
қызмет түрлерін алу жайлы тұтынушы азаматтарға оқыту-түсіндіру үшін халықққа
қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
ұйымдастырылып, жүйелі түрде жұмыс жасауда..
 
Р. Жақыпбеков
«ХҚКО» РМК Қызылорда
облысы бойынша
филиалы Қызылорда
қаласының №1 бөлім инспекторы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз