АЙТАРЫ МОЛ АКЦИЯ

41

0

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз”. Осындай атаумен облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық” инновациялық орталығы” акция өткізді. Қалалық мәдени және демалыс саябағында ұйымдастырылған шараға қор директоры Жандос Тұсмағамбетов пен «Жас Отан” Жастар қанаты қалалық филиалының басшысы Талғат Тілес қатысып, жиналған жұртшылықты қоғамдық кеселмен бірлесіп күресуге шақырды. Сан түрлі салаға зиянын тигізетін әлеуметтік індетті ауыздықтауда тек құзырлы органдар ғана емес, жұртшылықтың мүдделі болуы маңызды екенін алға тартты.
– Парасыз болашаққа бағыттайтын бастаманы жыл соңына дейін облыстың барлық ауданында жүзеге асырамыз. Акция аясында мобильдік топ елді-мекендерді аралап, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға күш салады. Себебі, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі – Елбасының Ұлт жоспарында белгілеген тапсырмаларының бірі, – деді Ж.Тұсмағамбетов.
Сондай-ақ, шара барысында 100-ден аса үндеу-парақшалары таратылып, тұрғындар назарына жергілікті өнерпаздардың мерекелік концерті ұсынылды. 

Мөлдір СНАДИН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз