Айтыскер Мұхтар Ниязовқа пәтер берілді

43

0

Айтыскер Мұхтар Ниязовқа пәтер берілді Бүгін, 11 шілдеде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев республикалық «Алтын домбыра» байқауының алғашқы иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтқабылдады. Айтыскер ақынға құрмет көрсетіліп, аймақ басшысы үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
«Сыр елі, жыр елі» деген қағиданы жалғастырып келе жатқан өнер иесі республикалық аламан додаларда талай топ жарды. Өткір тілімен қоғамның өзекті мәселелер сөз етіп, көрерменнің кошеметіне бөленіп келеді.  
– Айтыс ұлы өнер. Қазір технологияның дамыған уақыты. Дегенмен, рухани құндылықты да ұмыт қалдырмай қолдау көрсетуіміз керек. Киелі өнерді жалғастырушы Мұхтар бүгінде шәкірт тәрбиелеп, ұстаздықпен айналысуда. Сыр өңірі өнер иелеріне кенде емес. Енді Мұхтардың мектебінен шыққан таланттар көбейсін, – деп өңір басшысы тілектестігін білдірді.
Өрелі өнер иесі өзіне көрсетіліп жатқан құрметке ризалышығын білдірді. 
– Бұл менің ғана емес, жанашыр, ұстаз ағаларымның жетістігі. Аз-кем еңбек бағаланып жатыр. Алдағы уақытта да абырой биігнен көріну үшін талмай жұмыс жасаймын. Өнер саласында Сыр өңірінің бағындырған белесі биік. Сол үдеден түсірмеу бізге жүктеліп отыр. Сенімді ақтауға серт етемін, –деді айтыскер ақын М. Ниязов.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз