Қайыршыларға да айыппұл салынады

54

0

Қайыршыларға да айыппұл салынадыҮстіміздегі жылдың 7 қаңтарынан бастап елімізде жол жүру ережелерінің тағы бір заңы күшіне енді. Оған сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тек автокресломен тасымалдау қажет. Аталған талап орындалмаса, айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл туралы кеше «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында ОІІД қызметкерлерімен өткен брифингте сөз болды. 

ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетовтің айтуынша жеке көлік иелерімен қоса такси жүргiзушiлері де ендi мұндай қондырғыларды өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттеледi. Такси жүргiзушiсi алдыңғы орында баланы тасымалдайтын арнайы отырғышты, ал артқы орындарда үш орынға арналған арнайы қондырғыларды өзiмен бiрге жүксалғышында алып жүруi тиiс екен.
«Айыппұл көлемi 5 айлық есептік көрсеткіш. Ол шамамен 7-8 мың теңге болады. Бiр жылда үш рет ереже бұзылатын болса, жүргізуші Әкiмшiлiк кодекс баптарына сәйкес, 6 айға дейiн жүргiзуші куәлiгiнен айрылатын болады. Таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлауымыз керек», – дейді департамент бастығының орынбасары.
Сонымен қатар, Қоғамдық орындарда ел-жұртты мазалап, қайыр тілеп, бал ашатындар мен тәнін сатқандарға енді 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
«Бұл жерде адамдарға белсенді түрде тиіскендер жауапкершілікке тартылады. Яғни құқық бұзушыдан өзге міндетті түрде жәбірленуші тарап болуы керек. Сонда ғана жәбірленушінің жауабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін белгілейміз» дейді ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алтынбек Ахметов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз