Қайырымдылық акциясы болып өтті

39

0

Қайырымдылық акциясы болып өттіЖаңақорған. Жаңарық ауылының клубында №167 орта мектептің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбында қайырымдылық акциясы болып өтті. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция барысында мектеп оқушыларынан құралған «Балдәурен» тобы арнайы концерттік бағдарлама әзірлеп, балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі, үйде әлеуметтік педагогтың көмегімен оқытылатын бұл балаларға кеш соңында естелік сыйлықтар сыйға берілді. «Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Бұл тұста бүгінгі педагог- психолог мамандардың еңбегі айтарлықтай зор»- дейді оқушылардың ата-аналары шынайы алғыстарын білдіріп.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз